Жарайсың, Димаш!

1471
0
Бөлісу:

Миллиондарды талантымен тәнті еткен жас әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 17th Top China Music Awards шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» аталымына ие болды.

Сахна төріне шыққан отандасы­мыз «Ассалаумағалейкүм, құрметті бар­ша өнерсүйер қауым! Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіруге рұқ­сат етіңіздер. Осынау керемет кеш­тің ұйымдастырушылары және мені қолдап демеушілік еткен барша жақындарым, сонымен қатар өзімнің командама шын жүректен рақметімді біл­діргім келеді» деп қолдаған жұрт­шылыққа лебізін жеткізді. Шара ба­ры­сында Димаш Құдайберген «Ұмы­тылмас күн» әнін тайвандық жас пиа­нист Аояаң Нананың сүйе­мел­деуін­де шырқап, көпшіліктің ыстық ықы­ласына бөленді.
Бұған дейін Димаш Шанхай қала­сында 24-кезекті China Top music Awards шарасында «Азияның ең та­нымал әншісі» (Best Asia popular singer) аталымы бойынша марапат­тал­ған болатын. Үш айдың ішінде осымен ха­лықаралық екінші жүлдеге ие бол­ған Димаштың абыройы артып, өнері асқақтай берсін дейміз.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*