Жобаларды коммерцияландыру мәселелері қаралды

1218
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақыт­жан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкі­меті жанындағы Жоғары ғылыми-тех­ника­лық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өткен отырыс барысында 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамы­тудың басымдықты бағыт­тары талқыланды. Сонымен қатар аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыру және индустриалды-инновациялық қызмет саласындағы жоба­ларды коммерцияландыруға грант беру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ Премьер бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуымен экономиканы жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс элементтерін енгізу арқылы бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту жұмыстары талқыланды.
Бұдан бөлек Қазақстанның инвестиция­лық ахуалын жақсарту мақсатында Дүниежүзі­лік банк өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Дүниежүзілік банк сарап­шыларымен бірлесіп әзірлеген 2017-2022 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі ҚР Ұлттық стратегия жобасы қаралды.
Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*