Қазақстан-Әзірбайжан: ынтымақты іс-қимыл үдейді

1620
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанға ресми сапармен барды. Дүйсенбі күні Қазақстан Көшбасшысы үшін ресми кездесу (қарсы алу) салтанаты ұйымдастырылған болатын. Осы ел басшысының сарайы алдындағы алаңда қос мемлекеттің туы биік тұғырда желбіреп, құрмет қарауылы салтанатты сап түзді. Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің өзі Елбасын құшақ жая қарсы алып, қолын  қысты. Мемлекеттік әнұрандар орындалғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев құрмет қарауылы сабын шолып, жүріп өтті.   

Осыдан кейін Әзірбайжан билігінің өкіл­дері – Н.Назарбаевқа, ал қазақстандық рес­ми делегация мүшелері И.Әлиевке та­ныс­тырылды. Артынша құрмет қарауылы отряды әскери марш ырғағымен екі ел пре­зиденттерінің алдынан шеру тартып өтті. Рә­сім соңында Қазақстан мен Әзірбайжан ли­дерлері тарих үшін ресми фотосуретке түс­ті.
Ресми кездесу рәсімі аяқталған соң, мем­лекет басшылары «Загульба» рези­ден­ция­сын­да алдымен жеке келіссөз жүргізді. Кез­­десу барысында саяси, сауда-эконо­ми­ка­лық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тастықтың даму ахуалы мен перс­пек­тивалары, сондай-ақ күн тәртібіндегі ха­­лықаралық және өңірлік өзекті мәселе-лер тал­қыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзірбайжан арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі дос­тық сипатындағы екіжақты қарым-қа­тынас қалыптасқанын атап өтті.
Ол әлемдік экономикадағы қазіргі кез­дегі жаңа үрдістер екі ел серіктестігін одан әрі дамытуға тың серпін бере алатынын айт­ты.
– Әлемдегі дағдарыстық құбылыстар ұлт­тық экономикамызға айтарлықтай за­лалын тигізіп жатқанын көріп отырмыз. Со­нымен қатар бұл бірлескен жаңа өн­дірістер ашып, жасырын мүмкіндіктерімізді пайдалануға жол ашуда. Экономиканы әртараптандырып, инновациялық тех­но­логияларға назар аудару қажет, – деді Қа­зақ­стан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынты­мақ­тастықтың барлық саласында өзара іс-қи­мылды үдету, соның ішінде Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-транзит әлеуетін да­мыту қажеттігін атап өтті.
– Бұл кездесу екi елдiң өзара іс-қи­мы­лын одан әрі тығыз дамытуға мүмкіндік ту­ғы­за­тын жаңа форматтағы қарым-қа­ты­насы­мызға тың серпін беруге тиіс, – деді Мем­лекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті екі мем­лекеттің халықаралық саладағы өзара тү­сіністігіне және ұстанымдарының ұқсас­тығына назар аударды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевті 2016 жыл­ғы референдумда Әзірбайжан халқының ел конституциясына енгізілетін, пре­зи­денттің өкі­леттік мерзімін ұзартуға бағыт­тал­ған өз­ге­рістерді қолдағанымен құттық­тады.
И.Әлиев ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтып, оның аясын кеңейту жолында Қа­зақстан Президентінің сапары маңызды еке­нін айтты.
– Бүгін қол қойылғалы отырған құжаттар екі­жақты қарым-қатынасты әрі қарай ны­ғайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Қа­­зақстан біз үшін достас, бауырлас ел бо­лып саналады. Біз бүгінгі кездесуге зор мән бе­ріп отырмыз, – деді И.Әлиев.
Сонымен бірге, Әзірбайжан президенті Иль­­хам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­­шылығымен Қазақстанның жеткен жетістіктерін атап өтті.
Жалпы, түркітілдес елдер саналатын әрі Кеңес Одағының аясында бірге өмір сүрген Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар, КСРО күй­регеннен кейін, тек 1992 жылдың 27 та­­мызында орнапты. Яғни, биыл 25 жыл­дығы атап өтіледі. 2004 жылғы наурыздағы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Астанаға мемлекеттік сапары мен келесі, 2005 жылғы мамырдағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанға сапары екі­жақты қарым-қатынастың дамуына соны серпін берген көрінеді. Ал сарапшылар Қа­зақстан Көшбасшысының осы сапары екі­жақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге кө­теріп, жаңа форматқа шығаратынын айтуда.
Осы орайда екі елдің ресми делегация өкілдері қатысқан «кеңейтілген құрамдағы келіссөз» кезінде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл орнату, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жайын талқыға салды. Мемлекет басшысы әзірбайжандық әріптесімен бірлесе қа­былдаған мәлімдемеде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың стратегиялық жолдары айқындалғанын атап өтті.
– Біз күн тәртібінде тұрған барлық мә­селені талқыладық. Қол қоюға дайындалған құжаттар қарым-қатынасымыздың да­муы­ның жаңа кезеңі болып саналады. Мем­лекеттеріміз арасындағы тауар айна­лы­мы­ның көлемін айтарлықтай арттыруға нақты мүмкіндіктер бар деп есептеймін, – деген Н.Назарбаев қазіргі 140 миллион доллар кө­леміндегі өзара сауда-саттықтың өте аз еке­нін және елдер мүдделеріне жауап бер­мейтінін нықтады.
Бұл ойын ақпарат құралдарына арналған брифинг кезінде әрі сабақтаған Елбасының айтуынша, сауда-экономикалық байланыс­тар­да іске асырыла қоймаған резервтер бар:
«Біздің елдеріміз екіжақты сауданы ары қарай өрістету үшін осы резервті пайда­лану­лары тиіс. Қазақстан Әзірбайжанға ме­талл өнімдерін жеткізуге дайын. Қазір ло­комотивтерді экспорттай бастадық. Әзір­байжаннан әкелінетін тек көкөніс өнім­дерінің жалпы көлемі бір жылда 12 есе өсті. Келісімді қимылдасақ, таяу уақытта өзара тауар айналымды 500 миллион долларға дейін арттыра аламыз» деді Қазақстан Көш­басшысы.
Қазақстан Президенті сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастық екіжақты қарым-қа­тынастың локомотиві екендігіне екпін түсірді.
– Елімізде Қазақстан азаматы болып са­на­латын көптеген этникалық әзірбай­жан­дар тұрып жатыр. Олар Қазақстанда кә­сіпорын ашып, бизнеспен айналысып, екі мемлекет арасындағы өзара достық қа­рым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін ти­гізетін дәнекер іспетті, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев к­е­ліс­сөз барысында гуманитарлық бай­ла­ныс­тар аясын кеңейту мәселелері қаралғанына назар аударды.
– Студенттер алмасу, екі елдің мәдени күн­дерін өткізу мәселелеріне тиісті дең­гейде назар аудару қажет. Ол мәдени бай­ла­ныстарымызды жаңа деңгейге көтеруге сеп­тігін тигізетін болады, – деді Қазақстан През­иденті.
Әзірбайжан Республикасының прези­ден­ті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – оның әлемдік аренадағы рөлі мойын­дал­ға­нының көрсеткіші және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінің арқасы еке-нін атап өтті.
– Сіздің өңірлік қана емес, сонымен бір­ге, әлемдік ауқымдағы бастамаларыңыз зор құрметке ие болып келеді. Екіжақты қа­рым-қатынастың дамуына көңіліміз то­ла­ды. Бүгінгі сындарлы пікір алмасулар тал­қыланған көптеген мәселелер жөніндегі ұс­танымдарымыздың ұқсастығын көрс­е­те­ді, – деді И.Әлиев.
Екі ел басшылары мен делегациялары ара­сындағы келіссөздер тәмам болғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев журналистер алдына шығып, бір­лескен мәлімдеме жасады.
– Экономика кез келген мемлекеттің не­­­гізгі тұғыры болып саналады. Түрлі са­ла­да­ғы, мәселен, көлік-коммуникация сала­сындағы уағдаластықтар елдеріміз үшін зор мүм­кіндіктерге жол ашады, – деді Қазақ­стан Президенті.
Елбасы Ильхам Әлиевке және әзірбай­жан тарапына Қазақстанда Қытай шекара­сы­нан бастап, Каспий теңізіне дейін ша­ма­мен 2000 шақырымдық темір жол тар­­тыл­ғанын, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі салынғанын хабарлады: «Қазіргі кезде ҚХР-дан Еуропаға Каспий теңізі, Кав­каз арқылы жүк жөнелту мәселесі туын­дады. Бұл тұрғыдан алғанда Әзірбайжанның әлеуеті орасан зор екендігі айқындалады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәлім болғанындай, Қазақстан 2017 жыл соңына дейін 450 мың тоннадан астам газойлды Каспийдегі Құрық айлағы ар­қылы Әзірбайжанға және Грузияға экс­порттауды жоспарлауда. Кері бағытта Өз­бек­стан үшін Құрық арқылы 200 мың тон­надай шикі-қант тасымалдау мүмкіндігі пысықталуда екен. Жыл түгесілгенше, барлық бағытта Құрық арқылы бір миллион тонна жүк тасу жоспарланыпты.
Н.Назарбаев осы сапар аясында өткен ке­ліссөздер қазақстандық-әзірбайжандық қа­тынастардың мүлдем жаңа жолын аша­рына сенім білдірді. Сонымен бірге, Әзірбайжан ли­дерін Қазақстанға сапармен келуге ша­қыр­ды.
«Ол қос мемлекетке де тиімді, елдеріміз ара­сындағы достық пен сенімді нығайтады. Се­бебі, біздің тарихымыз да, тіліміз де, түп тегі­міз де бір және бұл бізді жақындастыра-ды. Қа­зақстан мен Әзірбайжан арасында ше­шілмеген мәселе жоқ. Келіссөздерге менің кө­ңілім толды. Ильхам Гейдарұлы, сізге қо­нақжайлылық үшін жеке алғысымды біл­діремін. Сізді Қазақстанға ресми сапар жа­сауға шақырамын. Биыл «ЭКСПО – 2017»-нің ашылу салтанатында құрметті қо­на­ғым болуға, сондай-ақ төрағалық етуші ел ретінде Шанхай ынтымақтастығы ұйы­мының саммитіне қатысуға шақыра-
мын», – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев Әзір­бай­жан Пре­зидентіне.
Елбасы әзірбайжандық әріптесімен кез­десуі барысында өңірлік және жаһандық қауіп­сіздік мәселелеріне де көңіл бөлген­де­рін айтты.
– Қазақстан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі ретінде басты назарды біз­дің өңірге, яғни Сирияны, Ауғанстанды қо­са алғандағы «үлкен Орталық Азияға» шо­ғырландырып отыр. Бұл ретте Қазақстан әзірбайжан-армян қақтығысы бойынша БҰҰ қарарында қабылданған, біз өзіміз дауыс берген ұстанымды, яғни халықаралық қатынастардың жалпы таныған нормаларын ұстанатынын тағы да атап өткім келеді, – деп нықтады Нұрсұлтан Назарбаев.
Әзірбайжандар үшін Орталық Азия көш­басшысы саналатын қазақ елінің және жаһан­дық деңгейдегі саяси лидер Елба­сы­ның қолдауы құнды. Қазақстан Президенті Әзірбайжан мен Армения арасында бей­бітшілік болғанын, олардың шиеленісі тек бейбіт жолмен шешілуін қалайтынын баса айтты: «Осы жолда қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз және тараптарды соған ын­таландырудамыз» деп түйді Елбасы.
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы достық бай­ланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға сіңірген айрықша еңбегі үшін өз елінің ең жоғарғы марапаты – «Гейдар Әлиев» ор­денімен марапаттап, салтанатты жағдайда та­быс етті.
Елбасы сапарының қорытындысында екі ел арасында әртүрлі салалардағы өзара ық­палдастықты арттыратын бірнеше құжат рәсімделді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттері басшылары­ның Бірлескен декларациясына қол қойды.
Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары 2017-2018 жылдарға арналған ын­ты­мақ­тастық бағдарламасын бекітті. Сондай-ақ ҚР мен ӘР үкіметтері арасында қосарланған салық салуды болдырмау және салық салу­дан жалтарудың алдын алу туралы 1996 жыл­ғы 16 қыркүйектегі Конвенцияға түзе­тулер енгізуді қарастыратын Хаттамаға қол қойылды. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы мен «Азербайджан демир йоллары» ЖАҚ-ы логистика мен темір жол көлігі саласында стратегиялық ынтымақтастық жасасуға ке­лісті. Бұған қоса, халықаралық автокөлік қа­тынасы туралы, өсімдікті қорғау және ка­рантин саласында ынтымақтасу туралы келісімдер де бекітілді.
Әзірбайжанға сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласындағы Шаһиттер ал­леясындағы мәңгілік алау мен Әзір­бай­жанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Қазақстан Президенті Әзірбай­жан­ның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жо­лында қаза тапқан батыр перзенттері жер­ленген Шаһиттер аллеясындағы мәң­гілік алауға гүл шоғын қойып, құрмет көр­сетті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Әзірб­ай­жан­ның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз