Мемлекет басшысы – Маңғыстау облысында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласына келді.
Іс-шара барысында Елбасы спорт нысанының жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Ә.Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ә.Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар. Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
Айта кетейік, кешен демеушілер-дің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.
Сондай-ақ сапар барысында Елбасы «Спортклуб Маңғыстау-Арена» көпфункционалды спорт кешеніне, Ақтау теңізінің солтүстік терминалына, «Азерсун» өндіріс және логистика орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барады деп көзделуде. Одан бөлек сапар аясында Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен кездесу өткізуі жоспарланған.