Алып спорт кешені ашылады

1894
0
Бөлісу:

Жақын күндері облыс орталығында көпсалалы Маңғыстау арена спорт кешені ел игілігіне тапсырылады. 2,5 гектар жер аумағын алып жатқан заманауи спорт кешенін салуға 3 млрд 300 млн теңге жұмсалған. Нысан «НКОК» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері бағдарламасы аясында салынған. Ғимаратты салған мердігер компания «Нұрсәт» ЖШС.

– Бұл спорт кешені қаладағы ең сәулетті ғимараттардың қата­рына жатады. Спорт кешенінің құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталды. Бүгінгі күні пайдалануға берілуге толықтай дайын. Мұнда Олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен жастарды дайындайтын боламыз. Атап айтсақ, қазақша күрес, то­ғызқұмалақ, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, көркем гимнастика, аэробика, такэвонда, бокс, кик­бокс, у-шу, каратэдан спортшылар жаттыға алады. Спорт кешенінде фитнеске арналған арнайы жат­тығу залы, жеңіл, ауыр атлети­камен айналысуға мүмкіндік беретін тренажер залы да қа­рас­тырылған. Әр залда ерлер мен әйелдерге арналған жуыну бөлмесі бар. Одан бөлек шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел тен­нисін ойнауға да болады. Әртүрлі деңгейдегі чемпионаттарды өт­кізуге арналған үлкен залымыз бар. Ғимараттың екінші қабатында асхана қарастырылған. Спорт секциялары 7-18 жас аралығын­дағы балалар үшін тегін, одан жо­ғары жастағыларға ақылы болады. Спорт кешені пайдалануға беріл­ген кезде мұнда 110 адам жұмыс істейді, оның 50-і – бапкерлер. Барлығы да жергілікті мамандар, – деген Маңғыстау арена КММ директоры Зейнулла Оңайбаев облыстағы ең ірі спорт кешенінде күніне 1500 адам жаттыға алаты­нын жеткізді.
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*