ӘСКЕР БОЛУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Таяу күндері жасы 18-ге толған, жауынгер болуға денсаулығы жарамды жігіттерді мерзімдік әскери қызметке шақыра бастайды. Отан алдындағы борышын өтеуге баратын болашақ жауынгерлерді әскери комиссариаттар салтанатпен шығарып салады.
Өткен аптада Мемлекет басшысы, Бас қолбасшы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 449 Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлыққа сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ. Енді 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады.
Биылғы көктемде мерзімді әскери қызметке 1990-1999 жылы туған азаматтар әскер қатарына шақырылады. Қазақстан Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақырылуға жататын барлық азамат шақыру қағазында көрсетілген құжаттармен жергілікті әскери басқару органдарына барады. 2017 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар жауынгер қатарына шақырылуға жатады.
– Алматы қаласынан көктемгі мерзімді әскери қызметке 1000 мыңға жуық сарбаз әскерге аттанады. Сарбаздар аймақтық бөлік бойынша Алматы қаласынан тысқары жерлерде солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде әскери қызметін өткереді. Олар Қарулы Күштерінің қатарына, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметіне, ҚР Ішкі істер министрлігінің ұлттық Ұлан және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберіледі. Әскерге шақырушыларға қойылатын талаптардың бірі – жоғары және арнайы орта білім. Мәселен, Мемлекеттік күзет қызметіне бойы 180 сантиметр және одан жоғары азаматтар алынады, әскери борышты өтеп болғаннан кейін сол жерде келісімшарт бойынша әрі қарай әскери қызмет атқара алады. Әскерге шақырылушылардың денсаулық жай-күйі жылдан-жылға жақсарып келеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың көбейіп келе жатыр, – дейді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, полковник Фархад Құрманғажинов.
Қарулы Күштер қатарына әскерге шақырылушылар заңға сәйкес, міндетті түрде медициналық куәландырудан өтеді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Әскери-дәрігерлік комиссия әрбір болашақ сарбаз жөнінде шешім шығарады. Дәрігер мамандар мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:
«А» – әскери қызметке жарамды;
«Б» – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
«В» – әскери қызметке шектеулі жарамды;
«Г» – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
«Д» – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
«Е» – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес. (27 жастан асқандар).
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әскерге шақырылушыларға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылданады:
1) әскери қызметке шақырылуға жатады;
2) әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру.
Жасы 18 бен 27 аралығындағы жігіттерді мерзімдік әскери қызметке шақыру тек отбасы жағдайларына байланысты, жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыру және денсаулық жағдайы бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.
Сонымен қатар басқа да себептер бойынша соның ішінде отбасы жағдайлары бойынша – басқа адамның көмегiне мұқтаж немесе толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға жеңілдіктер беріледі. Ондай азаматтарға әскерге шақыруды уақытша кейінге қалдыру ұсынылады.
Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, майор Кристина Новикованың айтуынша, басқа адамның көмегiне, күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi: әкесi, анасы, әйелi болса, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса; ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi); І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi; өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары); 1 және одан да артық балалары бар некеде тұратын азаматтарға әскерге шақыру кезінде жағдайына қарап, жеңілдік жасалады.
Екінші мәселе, білім беру орындарында оқып жатқан кезде әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру – білім беру орындарында жалпы орта білім алатын азаматтарға; тиiстi білім беру орындарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру орындарында білім алып жүрген азаматтарға нақты қай жерде оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде; жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға; білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде әскерге шақыру кейінге қалдырылады.
Енді әскери-дәрігерлік комиссияның ұсынысымен кейбір азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін, ондай жағдайда шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге әскер қатарына шақыру кейінге қалдырылады.
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудың тағы да басқа бірқатар себептері бар. Мысалы білiм беру орындарының орта білім алғаннан кейінгі немесе жоғары педагогтік білiмi бар және ауылдық жерлерде орналасқан білім ошақтарында мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларға, медициналық арнайы бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi мәслихаттардың депутаттарына, алдын ала тергеу процестері немесе қылмыстық істер қозғалған адамдарға, тиісті білімі бар кеме экипаждарының мүшелеріне әскерге шақыру мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұзартылады.
Фархад Құрманғажиновтың айтуынша, мерзімдік әскери қызметке биылғы жылы көктемгі шақырылым бойынша Қарулы Күштер қатарына – 400-ден астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 250-ден астам, Мемлекеттік Күзет қызметіне – 25 адам, Ішкі істер министрлігінің ұлттық Ұланына – 300-ге жуық азамат қызмет етуге барады. Кез келген азамат кез келген уақытта Отан қорғауға қабілетті өз елінің патриоты болуы тиіс. Сондықтан Отан алдындағы борышты өтеу әр азамат өз парызым деп түсінгені жөн.
Қайыржан ТӨРЕЖАН
Армияга баратыдардын саны артканы куантырлык.
Қазіргі таңда Қазақ Армиясы күшті болу үшін Қазақстандықтардың күш салу керек. Армия – азаматты шыңдайды. Айбынды әскеріміз мықты болсын!
Əкерге баруға арыз жазайн дебедім қалай жазуға болад
Сәлеметсіздерме мен әскерге 1 айға барып келгім келеді және отан алдындағы борышымды өтегім келеді өйткені маған тез арада әскери билет қажет жасым 26 да онсыз жұмысқа қабылдамай жатыр денсаулығым бар бойым бар және ата-анамның қамқорлығынсыз калғам өзім тыл жетім өскенмін және көмектесулеріңізді сұраймын!
Балаларымыз əскерден неге өліп келіп жатыр?? Жауап беретін адам барма осыған?
Əскерде тəртіпті қашан орнатады. Балаларымыз дың өлмей тірі келетініне кім кепілдік береді. Кімге барып сұраймыз мұны. Жауап беріңдерші.
Мен Абилов Аманат жасым 18жастамын неге армияга шакырмай жытыр соны билиндеп едим