Даму мүмкіндіктері талқыланды

1627
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығында (DIFC) болып, басшылығымен кездесті.

Елбасы әңгіме барысында DIFC қыз­метімен және орталықтың бұдан әрі қарай даму перспек­ти­васымен та­нысты. Орталық құрыл­ған кезеңнен бері оның Дубай қа­ласының ішкі жал­пы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет алды.
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана халықаралық қаржы орталығы­ның жұ­мысын ұйымдастыру бары­сында еліміз Біріккен Араб Әмір­ліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сон­дай-ақ орталықтың жұмы­сын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын жет­кізді. Астана орталығы базасында құры­латын Еуразия аймағындағы жетекші қар­жы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын да­мыту жөніндегі өз ойларын да ортаға салды.
Келіссөз соңында тараптар екі­жақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*