Терроризмді жою тәсілдері байыпталды

1852
0
Бөлісу:

Әлемде терроризмді түбірімен жою стратегиясына көшу керек. Санкт-Петерборда өткен Халықаралық терроризммен күрес жөніндегі парламенттік конференцияда Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамдастықты осыған шақырды.

Бұл форумды ТМД-ға кіретін мемле­кет­тердің Парламентаралық ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы бір­лесе ұйымдастырған екен. Оның күн тәр­тібіне қауіпсіздік және терроризмге қар­сы іс-қимыл саласындағы халықаралық ын­тымақтастық, терроризмге қарсы қыз­меттің гуманитарлық қырлары, халық­ара­лық қауіпсіздік жүйесінің экономикалық және әлеуметтік негіздеріне қатысты мәсе­лелер енді.
Қ.Тоқаев өз сөзінде терроризмді тек бір­­лескен күш-жігер арқасында ғана түбірі­мен жоюға болатынына нық сенім білдіре келе, Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ ая­сындағы Жаһандық антитеррористік же­лі құру туралы бастамасының өзекті бо­лып отырғанына форумға қатысушылар-дың назарын аударды.
Конференцияға қатысушыларға қайы­рылған Қ.Тоқаев халықаралық құқықтағы «тер­роризм» ұғымының заңды әрі саяси орын­ды анықтамасын беру қажеттігін айт­ты. Спикер саяси үдерістерге асығыс әрі ағат баға берулерден бойды аулақ ұстауға ша­қырды, бұл оның байламынша, ең күр­де­лі мәселелерді жедел шешуге септесер еді.
– Мұндай көзқарастың нәтиже бере­ті­нін Астана келіссөздері паш етіп отыр. Ол Си­риядағы қарулы қақтығыстар бастал­ғалы бері алғаш рет атысты тоқтату тетік­терін құруға қол жеткізуге мүмкіндік бер­-ді! – деді Сенат төрағасы.
Қ.Тоқаев бірде-бір ел қаупінен қор­ғал­маған кибертерроризм мәселелері тура­лы да айтты: «Адам құқықтары мен бостан­дық­тарын құрметтеудің маңыздылығын то­лық түсінген жағдайда қауіпсіздікті қам­тамасыз ету үшін интернетті реттеу мәсе­ле­лері бойынша ойланудың мәні зор. Бас­ты мақсат – экстремизм идеясын наси­хат­тауға және жастарды террористік ұйым­дардың қатарына алдап-арбап тартуға ке­дер­гі жасау болып отыр».
Баяндамада кедейлік, сауатсыздық, сы­байлас жемқорлық, азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарын шектеу се­кіл­ді терроризмнің бастапқы себептерін жою­дағы заң шығару органдарының әлеуе­тіне ерекше назар аударылды. Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы сес­сия­ларының бірінде «Экстремизм және тер­ро­ризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйым­ның Үйлестіру орталығын құру» туралы мә­селені қарауды ұсынды.
Қазақстан Парламенті жоғарғы па­ла­тасы­ның басшысы радикализм қатерлеріне қарсы идеологиялық іс-қимылда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің де маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Астанада 2016 жылы 31 мамырда өткен, жо­ғары мәртебелі діни қайраткерлер, бірқатар елдердің парламентшілері және ғалымдар қатысқан «Діндер терроризмге қар­сы» халықаралық конференцияның қоры­тындылары туралы форумға қатысу­шыларды хабардар етті.
Қ.Тоқаев реформаларды және халық-пен ашық диалогты терроризмге қарсы пәр­менді шаралар ретінде атады. Осы тұста ол мемлекеттік басқаруды жетілдіру және билік тармақтары арасындағы өкі-лет­тік­терді қайта бөлу арқылы заң үстемдігін ны­ғайтуға бағытталған Қа­зақ­стандағы конс­титуциялық реформаның маңыз­ды­лығына тоқталды. «Біздің Кон­ституция­мыз­ға террористік әрекетке қа­тысқаны үшін Қазақстан азаматтығынан айыру ту­ралы жаңалық енгізілді» деп құлақтандырды спикер.
Сенат төрағасы сөз соңында «терро­ризмді оқшаулау» тәжірибесінен «оны жап­пай түбірімен жою» стратегиясына кө­шу – жіті назар аударуды, диалог пен өза­ра іс-қимылды талап ететін күрделі әрі жауап­ты жұмыс екенін атап өтті.
Санкт-Петерборға сапары аясында Қ.Тоқаев Е­уропа кеңесі Парламенттік ас­самблея­сы­ның төрағасы Педро Аг­ра­мунт­пен жүздесті. Тө­раға Қазақстанның ЕКПА-мен ынты­мақ­тастығының конструктивті сипатына тоқ­талды. Қ.Тоқаев демок­ра­тияны дамыту, гу­манитарлық ынты­мақ­тастық және қауіп­сіз­діктің жаңа қатер­леріне қарсы іс-қимыл үшін диалог пен нәтижелі ынтымақ­тас­тықты жалғастыра беру керек деген пайым­дауын айтты. Сон­дай-ақ Сенат төрағасы ЕКПА басшысын Президенттің өкілет­тік­терін Парламент пен Үкіметке беруге ба­ғыт­талған Қазақ­стандағы конституция­лық реформа туралы хабардар етті.
Сапар аясында қазақстандық деле­гация ТМД Парламентаралық ассамблея­сының мерейтойлық шараларына қатысты. Қа­сым-Жомарт Кемелұлы ТМД ПАА Кеңе­сінің 25 жылдығына арналған сал­танат­ты отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың үндеуін оқып берді. Онда Мемлекет басшысы ауқымды саяси және экономика­лық ынтымақтастық жолында Достастық­тың әлеуеті зор екеніне нық сенім білдіреді. Қазақстан басшысы ТМД парламентші­лерін осынау беймаза кезеңде халықтары­мыз бен мемлекеттеріміздің игілігі үшін ары қарай да белсенді жұмыс істеуге ша­қыр­ды.
Қ.Тоқаев өз сөзінде Президент
Н.Назарбаев­тың үндеуінде Еуразиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәсе­лелеріне орай Қазақстанның көзқарасы нақты әрі жан-жақты сипатталғанын, парламенттік өлшемнің ерекше маңызы айқындалғанын атап өтті. Сенат төрағасы Қазақстанның парламентаралық үнқа­тысудан айнымайтынын нықтады.
– ТМД ПАА-ның штаб-пәтері – Таврия са­райының Қазақстан үшін де тарихи маңызы зор. Өйткені ХХ ғасырдың басын-да осында Мемлекеттік Думада қазақ хал­қының даңқты өкілдері Әлихан Бөкей­ханов, Мұхамеджан Тынышпаев, Бақытжан Қаратаев және басқалар жұмыс істеді, – деді Қ.Тоқаев.
Сөз түйінінде Қ.Тоқаев парламенттік дип­ломатия мейлінше икемді, кейде тіпті ха­лықтар арасында теңдесі жоқ арнаға ай­налған қазіргі жағдайда ТМД ПАА әлеуетін одан әрі нығайтудың маңызы зор деп санайтынын мәлім етті.
Сонымен бірге, Қазақстан делегациясы ТМД ПАА отырысына қатысты. ТМД ПАА Кеңе­сінің мүшелері Парламентаризмнің ха­лықаралық күнін белгілеу туралы баста­маны талқылады, Қырғызстанда өткен референдумға жүргізілген мониторинг нә­тижелерін және Достастық елдеріндегі 2017 жылы өтетін сайлау науқандарын байқауды ұйымдастыру мәселелерін қа­рады. Сондай-ақ ТМД Парламентаралық ассамблеясының 2016 жылғы қызметін қорытындылады.
Отырыс аясында Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Президент В.Путиннің атынан Қазақстан Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа «Құрмет орденін» табыс етті.
Сол күні ТМД ПАА-ның қырық алтын­шы отырысы болды, онда ассамблеяның тұрақты комиссиялары ұсынған бірқатар «үлгі­лік заңдар» мен ұсынымдар мақұл­дан­ды.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*