Ассамблеяның кезекті сессиясы өтеді

1732
0
Бөлісу:

Астанада 26 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы өтеді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік пен келісім сарайында ассамблеяның кезекті сессиясын шақыру жөніндегі тапсырманы Үкіметке жеткізген. Бұл тұста Үкімет ассамблеяның ХХV сессиясын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі шараларды қолға алуы тиіс.

Қазақстан халқы ассамблеясының өкіл­дері бұл басқосудан игі бастамалар күте­тінін алға тартады. Өз кезегінде Астана қа­ласындағы Өзбек этно-мәдени орта­лығы қоғамдық бірлестігінің төра­ғасы Шерзод Пулатов Президент жүргі­зіп отырған саясаттың тиімділігін айтумен қатар, өздері қолға алған ша­ралардың басын ашып көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблея­сының жиырма бесінші сес­сиясын өткізу туралы тапсырманы Үкі­метке берді. Аста­нада жыл сайын ас­самблеяның сессия­лары өз деңгейінде өтіп тұрады. Бұл сес­сияда да үлкен келелі мәселелер көте­рі­леді, – деп бастайды әңгімесін Өзбек этно-мәдени орталығы қоғам­­­дық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов: – Кезекті сессиямыздың атауы «Тұрақ­тылық, бірлік пен келісім» деп жария­ланып отыр. Сондықтан айтулы басқосуда тұрақтылық, бірлік пен ке­лісімді нығайта түсу мәселелері тал­қыланады деп ой­лаймын, – деп сөзін қайырады.
Шерзод Аббозұлының айтуынша, жыл сайын ассамблеяның әр сессиясында ұлт Көшбасшысы жаңа тапсырмалар беру ар­қылы ұйымның жұмысына жаңа серпін бе­ріп отырады. Бұл тұста бірлестік төраға­сы: «Біз де қашанда Елбасынан игі баста­малар күтеміз. Оның жүргізіп отырған сарабдал да салиқалы саясатын қолдаймыз. Президент бізге осы күнге дейін дұрыс жол көрсетіп келеді. Сол жолмен жүріп өткен біз ешқашан да адасқан емеспіз. Кезекті сессияда елді дамытуға бағытталған жаңа жолдар көрсетіліп, тың бастамалар көтерілетініне сенеміз. Мемлекет басшы­сының тапсырмалары толықтай жүзеге асса, сөзсіз еліміз ары қарай да дами бе­реді. Соның арқасында Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылатынына сеніміміз кәміл», – дейді.
Бұл тұрғыдан Астана қаласындағы Өз­бек этно-мәдени орталығы бұл тапсыр­малардың дұрыс орындалуына, сондай-ақ жалпы мемлекеттіліктің нығаюына, бірлік пен келісімнің орнығуына өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатыр екен. Шерзод Пула­товтың айтуынша, Қазақстанда тұ­ратын өзбектер қазақ халқымен бірінші қатарда тұрып, ел дамуына барынша атса­лысқысы келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемле­кеттік тіл – қазақ тілінің дамуына қашан да ерекше мән беріп жүргені белгілі. Бұл тұрғыдан Елбасы бір сөзінде: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», – деген еді. Президенттің «Қазақстан бола­шағы – қазақ тілінде» деген сөзі де ұлт ұранына айналды. Бұл тұста ассамблея­­ның тілді меңгеруге қатысты жұмыстары мен шаралары нәтижелі. Шерзод Пулатов бұл жайында былай ой өрбітеді.
– Қазіргі таңда біздің орталығымызда жексенбілік мектептер тұрақты жұмыс іс­теп жатыр. Біз өз кезегімізде Астана қа­ласының өзбек этно-мәдени орталы­ғын­да мемле­­кеттік тіл – қазақ тілін балаларға өз дең­гейінде үйретіп жатырмыз. Қазақ пен өзбек – бауырлас халықтар. Абай ата­мыз: «Өзбек – өз ағам» деп бауырластықтың тереңде жатқанын аңғартқан. Біз түркі­тілдес халықтар болған соң, тілдеріміз өте ұқсас. Бүгінгі таңда Қазақстандағы өзбек­тердің 99 пайызы қазақ тілін меңгерген. Қазіргі таңда жастарға мемлекеттік тілдің қаншалықты маңызды екенін сездіріп жатырмыз. Жалпы, оларға тіл меңгеруге бар мүмкіндік жасал­ған. Сонымен қатар Астана қалалық әкімдігі тарапынан ақы­­­сыз тіл үйрету курстары ұйымдастырылған. Біздің орталығымыздың белсенді 10 қаты­сушысы осы курстардан өтіп жатыр. Біз мұндай игі бастамаларды қашанда қуана қабылдаймыз. Бұл да Елбасының жүргізіп отырған оңтайлы саясатының бір көрінісі деп білеміз, – деп ойын түйіндейді.

Кәмшат ТАСБОЛАТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*