Жаңа конституциялық заң жобалары енгізіледі

1646
0
Бөлісу:

Елімізде саяси реформа жалғасуда. Ел Парламентіне Ата заңға өзгерістер енгізбей-ақ, билік тармақтарының өкілеттігі мен жауапкершілігін күшейтетін құжаттар жобасы енгізілуде. 

Кеше палата төрағасы Нұрлан Нығма­тулин­нің төрағалығымен Мәжіліс бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін анықтады.
Сонымен, бюрода қабылданған шешім бойынша Мәжіліс депутаттары алдағы аптаның сәрсенбісінде өтеді деп жоспар­ланып отырған жалпы отырыс­тарында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулерге арналған заң жобасын екінші оқылымда талқылайтын болады.
Сондай-ақ жиында халық қалау­лыларына Халықаралық жеке құқық жөнін­дегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасын қарау ұсынылады. Бұл Жарғыны ратификациялау Қазақстанға Гаага конференциясына мүше болуға мүм­кіндік береді, ал бұл еліміздің құқық­тық жүйесін жалпы таныған әлемдік стан­дарттар негізінде ары қарай дамытуға, қазақстандық азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін арт­тыруға септеседі.
Алдағы жалпы отырыстың күн тәрті­біне сәйкес, Мәжіліс депутаттары пала­таға келіп түскен жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап, олар бойынша қоры­тын­ды әзірлеулері үшін бейінді коми­тет­терге мерзімдер белгілейді деп күтілуде.
Бұл жаңа заң жобалары арасында «Қазақстан Республикасының кейбір консти­туциялық заңдарына мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы және түзетулер бар. Бұған дейін ел Парламенті тікелей Конституцияға түзетулер енгізетін заңды қабылдап, ол Елбасы қол қойғаннан кейін жақында күшіне енген. Енді депутаттық корпус Ата заңды өзгерт­пей, Үкіметтің және биліктің басқа да тармақтары мен органдарының өкілеттік-құзыретін күшейтетін Конс­титуциялық заң жобасын қарайтын болады. Жаңа заң жобалары қатарында жер қатынастарын реттеуге қатысты мәселелер бойынша заңнамалық түзетулер де бар.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*