Нұротандықтар мерекемен құттықтады

1266
0
Бөлісу:

Ұлыстың ұлы күнін тойлау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының өкілдері Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйіне арнайы барды.

«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған шараны өткізуге аталған филиалға қарасты «Тұңғыш», «Шаңырақ», «Энер­гетика» және «ДазХозу» бас­тауыш партия ұйымдарының белсенді әрі өнерлі мүшелері атсалысты.
Мерекелік шараға халықаралық музыка байқауларының лауреаты Дана Мырзаханова арнайы шақыртылды. Тәрбиеленушілер арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және көрсету ниетінде қобызбен күй ойнал­ды. Сондай-ақ партия мүшелері дом­быраға қосылып ән шырқады. Со­нымен қатар нұротандықтар балалар үйінің кітапхана қорына қазақ және орыс тілдерінде әдеби оқулықтар мен киімді бумен үтіктейтін құрылғы және қажетті кеңсе заттарын тарту етті.
Мерекелік концерттен соң «Тұң­ғыш» бастауыш партия ұйымының мүшелері тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ұлттық ойын түрлерінен шеберлік дәрістерін өткізді. Осы ретте тоғызқұмалақтан халықаралық дәре­жедегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаевтың балаларға бұл ойынның қыр-сырын үйреткенін ерекше атап өткен жөн. – Қазақ халқының логикалық ұлттық ойыны тоғызқұмалақ арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі, – деген Серік Қуанышбекұлы тоғызқұмалақтың маңызына тоқталды.
Балалар арасында асық атудан жарыс ұйымдастырылды. Соның ба­рысында асықтың ұлттық ойын екені, ол үшін негізінен қой мен ешкінің асығы пайдаланылатыны және бұл ұлттық ойынның басқа да мән-маңызы балаларға егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Іс-шараны қорытындылаған «Бір­­лік» филиалының сарапшысы Аида Жанпейісова: – Дәл осындай шаралар­ды ұйымдастырудың мақсаты – елін сүйетін, шығармашыл, талапкер жас­тар­ды өз Отанының тағдырына бей-жай қарамайтын, патриот азаматтар ретінде тәрбиелеу және көп ұлттардың басын қосқан еліміздің тарихы бір, тағдыры тамырлас екенін ұғындыру, – деп барлық қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құт­тықтады.
Балалар өз кезегінде «Нұр Отан» партиясын, оның ішінде «Бірлік» фи­лиалына ризашылығын білдірді. Сон­дай-ақ жас жеткіншектер алдағы уақыт­­та тек «өте жақсы» деген бағаға оқып, өз елінің патриоттары болуға уәде берді.
Мира ҰЗАҚОВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*