Лукашенко НАТО бақылаушыларын елге шақырды

1213
0
Бөлісу:

Ресейге қатысты аумалы-төкпелі саясат жүргізетін Беларусь президенті Александр Лукашенко НАТО бақылаушыларын өз еліне шақырды. Мұның себебі неде?
Жақын уақытта Ресей мен Беларуссия әскерилері арасында «Батыс -2017» деген атпен кең көлемдегі әскери –оқу жаттығу жиындары өтетіні белгілі. Осыған орай беларусь басшысы мұндай жиындар ашық болуы тиіс деп санайды.
–Алдағы уақытта өтетін оқу жаттығу жиындарына қатысамын деп тілек білдірушілер болса, барлығы да келуі тиіс. Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі, ТМД мен Еуразиялық экономикалық Ода,қ тіпті Солтүстік альянс (НАТО) ұйымына мүше елдердің өкілдері де келіп қатысып, көрсе, артықтық етпейді. Бұл орайда біз ештеңені жасырып қала алмаймыз. Ресей мен беларусь елінің арасында өтетін әскери-оқу жаттығу жиыны тек қана қорғаныс мақсатында жасалып отыр. Егер НАТО мүшелері бұл жиынға қатысқысы келсе, біз қуанышпен қарсы алуға дайынбыз. Келсін, көрсін. Біздің жиынға алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Ресей-Беларус әскери жаттығуы екі ел арасындағы әскерилердің кез келген тосын жайтқа тойтарыс бере алатынын көрсетеді. Осындай әрекет арқылы ғана біз қорғаныс қабілетімізді көрсетіп, нығайта аламыз., –деп мәлімдеді Александр Лукашенко.
Рас соңғы айларда Ресей мен беларусь елі арасында бірқатар жайттарға қатысты салқындық орнағаны мәлім. Бірақ ресми Минск мен Мәскеу әскери ынтымақтасты күрт үзе алмайды. Осыған орай Александр Лукашенко «әскери оқу-жаттығу жиындары бауырлас екі халық арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Әрине, мұнай, газ, азық-түлік саласында шешілмеген түйіндер бар. Бірақ бұл– біздің ғана мәселе. Ал қауіпсіздік пен қорғаныс саласымен ойнауға болмайды. Бұл ешкімнің саудасына айналмауы тиіс» деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, беларусь президенті «Ресей әскерилерінің Беларуссияға келуі ешкімді толғандырмауы тиіс. Бұл тек жағымды көзқарас қалыптастырады. Бұл –біздің адамдар. Сондықтан өз қауіпсіздігімізді бірге қорғауымыз керек» деп санайды.
Екі ел арасындағы стратегиялық мақсатты көздеген «Батыс-2017» оқу жаттығуы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өтетіні белгілі. Алайда бұл жаттығуға бірқатар НАТО ұйымының мүшелері теріс көзқараста. Тіпті алаңдаушылығын білдірген мемлекеттер де бар. Мысалы, Литва президенті Д. Грибаускайте мұны «батыс елдерімен соғысуға дайындық» деп атады.
Александр Лукашенконың айтып отырғаны да осы мәселе. НАТО ұйымына мүше елдердің өкілдерін беларусь жеріне шақыруының сыры да осында. Бұған дейін Беларуссияның Қорғаныс министрі Анлрей Равков та «Жаттығу қорғаныс мақсатын көздейді. Қандай да бір үшінші елге бағытталып отырған жоқ. Тек қана қорғаныс қабілетін шыңдау мақсатында ғана жасалып отыр. Жаттығу кезінде екі ел қауіпсіздікке қатысты барлық халықаралық міндеттемелерді орындайды» деп мәлімдегені белгілі.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*