Әлемді басқаратын 13 әулет

2938
0
Бөлісу:

Әлем кімнің уысында? Бұл сұраққа кім де болса ойланып қалары анық. Бірақ нақты жауапты ешкім бере алмасы анық. Ал анығында әлем белгілі бір топтың ашса алақанында, жұмса жұдырығында екені әмбеге аян жайт. Әрине бұл тұста ядролық қаруы бар АҚШ, Ресей, Қытай т. б. мемлекеттерді атаудың қажеті шамалы.

Өйткені ондай сұрапыл қаруға ие болғанымен, жалпақ жаһанның дамуына ол бағыт-бағдар бола алмайды. Бар – жоғы өзгеге қоқан-лоққы, әлімжеттік жасаудың, не болмаса, қорғанудың, текетіреске түскен мемлекетті жойып жіберудің, яки әлемдегі күштердің тепе-теңдігін сақтау үшін ғана қажет құрал. Сонда әлемге ықпал етушілер кім? Әрине бір белгілі жайт, ол – «Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес», «Рим клубы», «Үшжақты комиссия» және «Бильдерберг клубы» сияқты (бұлар жөнінде сәл кейін айта жатармыз) тек әлемнің ірі қаржыгерлері, саясаткерлерінен тұратын топты әлемді басқарады» деседі. Шындығы сол. Бірақ ондай клубтардың өзі ішінен бөлініп жататыны бар. Ол клубтарға кіргендердің бәрі асыл, бекзадалар деп аталғанымен, ақсүйектердің де ақсүйектері бар екен. Жалпы әлемді уысына салып, допша домалатып отырған сонда кімдер болды? Сөйтсек, жұмыр жердегі тіршілік иелері тек қана 13 отбасының айтқанымен жүріп, тұрады екен. Олар кімдер?
Ротшильд (Байер немесе Бауэр)
Брюс
Кавендиш (Кеннеди)
Медечи
Ганновер
Габсбург
Крупп
Плантагенетов
Рокфеллер
Романов
Синклер (Сент-Клеры)
Варбург (дель Бланко)
Виндзор (Саксен-Кобург-Готе)
Міне осы 13 отбасы әлемге ықпал етуші күш. Осылардың ішінде Ротшильд әулетінің байлығы 500 триллион доллар болып саналады екен. Есептей беріңіз. Мұндай орасан-зор байлық жер бетінде бұлардан өзге әулетке бітпеген. Әлемдегі ірі банктердің бәрі осылардың қолында. Мәселен;
Лондон сити . Бұл Ұлыбританияның бір бөлшегі емес, Ротшильдердің бақылауындағы қаржы империясы. (Мемлекет ішіндегі мемлекет)
АҚШ Федеральды резервтік жүйесі. Ротшильдердің қарамағында. Мемлекетке қарамайды.
Ватикан. Католиктердің әлемдік орталығы. Бұл да осы әулеттің ықпалында.
Бұл әулеттің қарамағындағы құдіретті мекемелерді тізе беруге болады. Бірақ міндет емес. Жалпы осы 13 әулетке әлемдегі мега-корпорациялардың бәрі қарайды. Тек осылардың байлығы еселене беру үшін қызмет етеді. Енді басында атын атап өткен клубтар жөнінде бірер ауыз сөз қосайық. Ең алғашқы көлеңкеде жұмыс істейтін «Үкімет» «Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес» деген атпен 1921 жылы құрылды. Оны құрған америкалық банкир – Морган. Ол құрылым АҚШ федералдық қорына, Нью-Йорк қор биржасына және ірі бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау жасады.
Бұдан кейін америкалық және еуропалық элиталық топтардың басын біріктірген, 1954 жылы «Бильдерберг клубы» дүниеге келді. Ал 1968 жылы «Рим клубы» пайда болды. Бұл ұйымға миллиардер Дэвид Рокфеллер жетекшілік етеді. Бұдан кейін 1974 жылы «Үшжақты комиссия» деп аталатын жаңа топ пайда болды. Бұл топқа АҚШ, Еуропа және Жапонияның қаржылық топтары, жекелеген айтулы тұлғалар, саясаткерлер, елшілер т.б. түрлі деңгейдегі ықпалды адамдар енді. Топтың алға қойған мақсаты – «әлемді жаңаша жобалау, стратегиялық ұзақ мерзімді ресурстарды қайта бөлу». Міне, бүгінгі біз өмір сүріп отырған әлем осы топтардың, осындай байлығы шалқыған әулеттердің қолында екен.
Айнұр Қазыкенова

Бөлісу:

Пікір жазу


*