Антитеррор орталығының отырысы өтті

892
0
Бөлісу:

 Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының XIX отырысын өткізді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыстың жұмысына Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары А.Әбді­момы­нов пен Бас прокурор Ж.Асанов қатысты.
Отырысқа қатысушылар Елбасының «Қазақстанның киберқорғанысы» кибер­қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шараларын қарастырды.
Идеологтар мен деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылардың қызметін бейтараптандыру тиімділігін арттыру жұмысының жағдайы мен қосымша шара­лары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша хаттама шешімдері пысықталып, қабылданды.

Асқар АХМЕТҚАЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*