Вьетнамға астық жөнелтті

975
0
Бөлісу:

Хошимин қаласындағы теңіз айлағына Вьетнам нарығына арналған қазақстандық бидайдың алғашқы партиясы жетті. Аталған пилоттық жеткізілімді «Қазақстан темір жолы» АҚ компаниясының еншілес ұйымы – KTZ Express АҚ «Ляньюньган қаласындағы Қытай – Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШҚ-мен бірге жүзеге асырды.

Қазақстанның Вьетнамдағы ел­шілігімен қазақстандық астық тиелген кемені теңіз портынан қарсы алудың салтанатты рәсімі ұйымдастырылды.Оған Қазақстан елшісі Бекетжан Жұмаханов қа­тысты. Салтанатты шараға Vietnam International Container Terminals (VICT) портының бас ди­рек­то­ры Глен Кун Вай Кеон, «Лянь­­юньган қаласындағы Қытай – Қазақстан халықаралық логис­тикалық компаниясы» ЖШҚ бас директоры Лю Бин, вьетнамдық астық сатып алушы компания­лар­дың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнамның бұқаралық ақ­парат өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Б.Жұмаханов соңғы жылы елшілік «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясымен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Нұр­лы жол» Жолдауында алға қой­ған көлік-логистика инфра­құ­рылымы мен халықаралық тасы­мал­­дарды дамыту туралы мін­­дет­­терін іске асыруға байла­нысты ау­қымды жұмыстар жүр­гізілгенін айтты.
Жиында сөз сөйлеген Лянь­юнь­ган қаласының портындағы Қытай –Қазақстан терминалының өкілі Лю Бин қазақстандық бидай Қытай аумағы арқылы алғаш рет Оңтүстік – Шығыс Азия нарығына жеткізілетінін және бұл Қазақ­станнан Қытай арқылы азықтық астықты экспорттайтын транзит­тік дәліздің ресми ашылуының бел­гісі екенін айтты.

Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*