ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

1252
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Ауғанстан республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғани­мен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Ал­матыдағы соңғы кездесулерінде қа­рас­тырылған мәселелер тұрғысынан екі­жақты ынтымақтастықтың мей­лін­ше өзекті жайттарын талқылады.
Мемлекет басшылары Владимир Пу­тиннің таяуда Тәжікстан мен Қыр­ғызстанға барған сапарына бай­ла­нысты күн тәртібіндегі өңірлік мәсе­ле­лер жөнінде пікір алмасты.
Ресей президенті жаңа ғана аяқ­тал­ған Женева келіссөздері аясында си­риялық оппозицияның әскери құ­рылымдарының Сириядағы дағ­дарыс­­ты реттеу мәселелеріне арналған ке­зекті кездесуін биылғы наурыз айы­ның ортасында Астанада өткізуге ниетті екенін айтты.
Қазақстан Президенті мұндай ке­ліссөздерді ұйымдастыруға дайын еке­німізді мәлімдеді.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жа­ғы бастамашы болды.
Ал Қазақстан Президенті мен Ау­ғанстан екі­жақ­ты қарым-қатынастың қазіргі жағ­дайы мен перспективаларын тал­қы­лады. Көшбасшылар Ауғанстан пре­зидентінің Қазақстанға 2015 жыл­ғы қарашадағы ресми сапарының қо­рытындысы бойынша қол жет­кізіл­ген уағдаластықтардың іске асырылу барысына көңілдері толатынын жет­кізді. Атап айтқанда, соңғы уақытта өза­ра тауар айналымының көлемі ай­тарлықтай артқаны байқалып отыр.
Мемлекет басшылары биылғы 12 ақ­панда Қазақстан мен Ауғанстан ара­сында дипломатиялық қарым-қа­тынас орнағанына 25 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан Рес­публикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретін­де Ауғанстан жөніндегі комитеттің тө­рағасы екенін ескеріп, Ауғанстан­да­ғы ахуалды талқылады.
Ауғанстан президенті биыл Ас­танада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекет басшылары кеңесі отырысына, Ислам ынты­мақ­тастық ұйымының ғылым және тех­нологиялар жөніндегі саммитіне қа­тысатынын растады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ау­ған­стан жағы бастамашы болды.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*