Нобель сыйлығына ұсынылды

949
0
Бөлісу:

Базель (Швейцария) бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл жайында Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Мақалада Алин Варенің «Биыл жылы мен Кәріпбек Күйіков пен Президент Нұрсұлтан Назарбаев­ты ядролық қару­ды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бей­бітшілік са­ла­сындағы Нобель сыйлығына ұсындым» деген пікірі кел­тірілген.
Алин Варе көрсеткен сілтемеде сый­лық­қа үміткерлер тізімінде Назарбаев пен Күйіковті ұсыну британдық саясаткер Билл Кидтен түскен. Өтінімде Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­стан Көшбасшысы ретінде 25 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы ай­тылған.
Президент ядролық қарудан азат әлем­ге қол жеткізу про­цесіне ықпал ететін бір­қа­тар бастаманы қабылдауды жалғас­тырып келеді. Кәріпбек Күйіков жетек­ші­лік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қару­дан азат етуді мақсат тұтады.
Сондай-ақ Алин Варе – «Парламент­ші­лер ядролық қару­ды таратпау және қару­сыздану үшін» халықаралық форумы­ның жаһандық үйлестіруішісі екенін айта кету керек.

Бөлісу:

Пікір жазу


*