Үндеуді ерекше деп бағалады

1123
0
Бөлісу:

 Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы ассамблеясы депутаттық тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері бойынша Үндеуінен туындайтын міндеттер талқыланды.

Жиын жұмысына Вице-спикер Владимир Божко қатысты. Мәжіліс­депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов «Конституциялық реформа – Қазақстанның демократиялық да­муындағы бетбұрыс кезең» деген тақы­рыпты таратып баяндама жасады.
С.Абдрахманов қолға алынып жатқан мемлекеттік билік реформасы Қазақстан қоғамын демократияландыру страте­гиясын тиянақты жүзеге асырудың көрінісі екендігін айтты.
– Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткеніндей, Елбасы халыққа Үндеуінде болашақ өзгерістерді болжай білетін қасиетін ғана емес, дамудың ең оңтайлы жолдарын таба алатындығын да көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының Үндеуінен туындайтын міндеттерді орындауда Қазақстан халқы ассамблеясына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Өйткені конституциялық реформаны қоғамдық келісім мен халықтың топтасуы жағ­дайын­да ғана ойдағыдай жүзеге асыруға бола­ды, –­ деді депутат. Сондай-ақ отырыста Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева, Екатерина Никитинская, Магеррам Магеррамов, Владимир Божко, Ахмет Мұрадов сөз сөйлеп, Елбасының Үндеуін осы заманғы әлемдік саясатта болмаған құбылыс деп бағалады.
Жиынды Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко қо­рытындылап, Мәжіліс депутаты, ҚХА депутаттық тобы жетекшісінің орын­басары Юрий Тимощенконың VІ шақырылымдағы екінші сессияның бірінші жарты­жылдықтағы жұмысы туралы хабарламасы тыңдалды.

А.АХМЕТҚАЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*