Маңызды жүздесу өткізді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Грузияның Аджар автономиялық республикасы үкіметінің төрағасы Зураб Патарадземен кездесті.
Екіжақты әңгіме барысында сауда-экономикалық қатынастар, өзара сауда айналымы және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Премьер-министр Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Пьер Хэйльбронмен де жүздесті. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясындағы басты реформалар мәселелері талқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев жексенбі күні «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен де бетпе-бет сөйлескен еді.
Кездесуге жиналғандар атом энергетикасындағы бірлескен жобаларға қатысты мәселелерді, сонымен қатар ресейлік компанияның Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы мәселелерін қарастырды.
Ершай Әзірет