Партия парасаттылық көрсетті

1026
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының аймақтардағы қоғамдық қабылдау бөлімдері мұңын айтқан халықтың өмірге көзқарасын өзгертетін әлеуетке ие болды десек, артық айтқанымыз емес. Сондықтан партияның өңірдегі қоғамдық қабылдауларына жазылып, кеңес алып, мәслихат депутаттары және жергілікті органдардың араласуымен мәселелер оң шешімін табуда.

 

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясының Аты­рау филиалына жағдайын айтып келген қа­ла тұрғынының бірі – Орынбасар Ер­ш­ма­нов. Қаладағы ата-анасына рәсімделген ес­кі үйде тұратын азаматтың баспанасы көк­темгі қызыл судан соң құлағалы тұрған үй ретінде есептелген. Сол кезде денсаулығы да күрт нашарлаған. Орынбасар Ерш­ма­нов­қа тұрғылықты жердегі емхана дәрігерлері де самарқау қарап, мүгедектігін де тағайын­д­амай, әуре-сарсаңға салып қойған. Үйінде І топтағы мүгедек қызын бағып отырған әйе­лі Айгүлдің де денсаулығы сыр беріп, әб­ден тығырыққа тірелген отағасының соң­ғы үміті «Нұр Отан» партиясының облыстық фи­лиалының қоғамдық қабылдауына бару еді. Сол үміті осы жолы ақталды.
– 90-жылдары қатты ауырдым. Кейін панкреатит дертімен ауырып, амал­сыз ота жасаттым. Өте ауыр өтті. Жұмысқа жарам­сыз болып қалдым. Мүгедектік құжат та дер ке­зінде даяр бола қоймады. Үй болса апат­ты жағ­дайда, су мен жылу жоқ, мүгедек қы­зым бар. Әбден шыдамым таусылып, «Нұр Отан» партиясының облыстық қоғам­дық қа­былдауына бардым. Ол жерде денсау­лық сақтау басқармасы мен жұмыспен қам­ту басқармасының басшылары менің жағ­дайымды білген соң көмек қолын созды. Төрт ай емдеуге жол ашып, мүгедектігімді та­ғайындап бер­ді. Емхана дәрігерлері дұрыстап қарай­тын болды. Өткен жылы жаңа жыл қар­санын­да 1 бөлмелі пәтерге кіріп, қуаныштан есі­міз шықты. Біздің от­ба­сының ауыр тағ­дырына немқұрайлы қа­ра­май, баспанамен қам­тып, мүгедектігімізді тағайындаған «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабыл­дау бөлімінің басшылары­на, осы мәселені құзырлы мекемелер ал­дын­да мәселе етіп кө­терген жергілікті БАҚ өкілдеріне риза­шы­лығымыз зор. Әрбір ат­қан таңға сәлем бе­ріп, жақсы адамдардың барлығына Ал­ла­ға шүкіршілік етеміз, – дейді ерлі-зайыпты Орынбасар мен Айгүл Ершма­новтар.
«Нұр Отан» партиясы Атырау филиалы­ның қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгеру­шісі Гүлнар Шантемірованың айтуынша, өт­кен жылы қоғамдық қабылдау бөліміне же­ке және заңды тұлғалардан 5 403 өтініш түс­кен. Оның 20,7 пайызы оң шешілген.
– Жағдайы өте күрделі болып, қоғамдық бө­лімге өз аяғымен зорға жетіп, өтінішін айт­қан Орынбасар Ершмановтың мәселесі «Кедергісіз келешек» атты партия жобасы ая­сында оң шешімін тапты. Тұрғылықты жердегі емханасы есепке алып, мүгедектігін тағайындап, құзырлы мекеме басшыларына өтініш айту арқылы, бұрын әке-шешесінің атындағы ескі үйдің құжаты О.Ершманов­тың атына рәсімделіп, бүгінде баспаналы бо­лып отыр, – деді Г.Шантемірова.
Бүгіндері қоғамдық қабылдау бөліміне тұр­ғындардан түскен өтініштердің барлығы жан-жақты зерделеніп, нақты көмекті қа­жет ететін адамдардың өтініштері орын­далу­да.

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*