Сот төрағасы сарапшылармен кездесті

1464
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссияның сарапшылары Сергей Кузнецов және Георгий Папуашвилимен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар «Конс­ти­туциялық сот төрелігін қолдау, сот тө­ре­лігіне қолжетімділік және Орталық Азия ел­деріндегі сайлау реформасы» жоб­а­сы­ның шеңберінде қалыптасқан сын­дарлы се­ріктестік пен қарым-қатынастың се­нім­ділік деңгейін атап өтті.
Қ.Мәми Мемлекет басшысының қа­тысуымен өткен судьялардың VII съезінде қа­былданған Судьялық әдеп кодексі жо­басы бойынша қорытынды әзірлегені үшін алғысын білдірді. Құқықтың түрлі са­лаларын қозғайтын заң жобалары бойын­ша Венециялық комиссияның са­рап­шылық қорытындыларының сапа­сы­ның жоғары екендігі, сондай-ақ халық­ара­лық стандарттар мен үздік сот прак­тикасына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытындағы тақырыптық зерт­теулердің кеңінен қолданылатындығына айрықша назар аударды.
Өз кезегінде С.Кузнецов құқықтық жаң­­­ғыртудың өзекті әрі сұранысқа ие та­қы­рыптары бойынша бірлескен іс-ша­ра­ларды өткізу Комиссия қызметінің маңыз­­ды міндеті деп сендірді.
Қ.Мәми Комиссия сарапшыларын би­лік тармақтары арасындағы өкілет­тіктерді қайта бөлу бойынша жүргізіліп жат­қан конституциялық реформа туралы, со­ның ішінде Жоғарғы соттың енгізген ұсы­ныстары жөнінде хабардар етті. Конс­титуция­ның 79-бабына сәйкес судьяларға қойылатын талаптарды тиісті Консти­туция­лық заңға ауыстыру, Конституция­ның 81-бабына сәйкес Жоғарғы соттың үш сатылы сот жүйесіне көшуі және кас­сация­лық сатының мәртебесін беру мә­се­ле­сін көтерді. Бұған қоса, еліміздің жо­ғары сот органы Ұлт жоспарын одан әрі практикалық іске асыру және Эко­но­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйы­мының ұсынымдарын орындау шең­берінде қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуді ұсынады.
Жоғарғы сот төрағасы конституция­лық заңдардың мазмұнына, заңнамалық процестің сатыларына, Үкімет мүшеле­рі­нің есептілігіне, Конституциялық кеңес­тің құзыретіне және басқаларға қатысты заңгерлік қауымдастық тарапынан сын­дарлы және дәйекті ұсыныстар келіп түсіп жатқанына тоқталды. «Олардың барлығы мұқият сарапталып, қорытудан өткеннен соң ғана Жұмыс тобының қарауына ұсы­нылады» деді ол.
Қазақстан Президенті жариялаған конституциялық реформаның маңызды­лығы мен өзектілігін айта келе, сарапшы­лар Конституцияға сот төрелігін жүзеге асыру саласы бойынша ұсынылған түзе­тулер мәселелеріне қатысты сарапшылық пікір дайындауға әзірлігін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру мен ынтымақтастық аясын кеңейтудің қажеттілігі мен маңыз­дылығын тағы бір мәрте пысықтады.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*