Қорғаныс өнеркәсібі кешенін бірлесіп дамытамыз

738
0
Бөлісу:

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Тараптар қорғаныс өнеркәсібі кешені мен аэроғарыш саласындағы бірлескен жо­баларды іске асыру мәселелерін тал­қы­ла­ды.
ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіп­орын­дарының РФ кәсіпорын­да­ры­мен әскери техника жеткізу, ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының база­сында өңірлік сервис орталықтарын құру­дағы ынтымақтастық мәселелері өзекті болып табылады.
Кездесу барысында қорғаныс өнер­кә­сібі кешені саласында бірлескен ғылым мен технологиялар комитетін құру мә­се­ле­сі талқыланды.
«Байқоңыр» кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру – кездесудің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Тұжырымдамаға А.Ма­мин мен Д.Рогозин 2016 жылғы желтоқ­санда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың Ресейге жұмыс сапары барысында қол қойған.
Тараптар ҚР мен РФ арасындағы ын­ты­­мақтастық бағыттарындағы Тұжы­рым­­дамада қарастырылған іске асыру те­тік­тері бойынша шешімдер қабылдады.
А.Мамин мен Д.Рогозин 2016-2025 жылдарға арналған «Бәйтерек» жобасын іске асырудың Жол картасын орындау мәселелеріне қатысты пікірлер алмасты. Оның аясында Байқоңыр ғарыш айла­ғын­дағы жерүсті ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған.
Байқоңыр қаласын дамытудың ортақ ұзақмерзімді бағдарламасын әзірлеу мәсе­ле­лері талқыланды. «Байқоңыр» ке­ше­нінің бірегейлігін ескере отырып, Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО – 2017» көр­месін өткізу кезінде ғарыш айлағына ту­ристік бағдарды ұйымдастырудың ма­ңыз­дылығы туралы айтылды.
Келіссөздердің қорытындысы бойын­ша тараптар биыл сәуір айында Қызылорда қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссияның бесінші оты­ры­сын өткізуге келісті.
Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*