Жолдау бағыттарын насихаттады

1615
0
Бөлісу:

Парламент Мәжілісінің депутаттары Құралай Қаракен, Әлия Сапарова, Серік Құсайынов, Сәкен Өтебаев және Наринэ Микаелян «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесті. 

Жиын барысында халық қалаулылары Президент Жолдауында көрсетілген міндет­тер­ді іске асыруда «Нұр Отанға» ауқымды мін­дет­тер жүктелгенін жеткізді.
Мемлекет басшысының еліміздің жаһан­дық бәсекеге қабілеттілігін қамтама­сыз етуді, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды мақсат еткен биылғы Жолдауы отан­дас­тарымызға зор жауапкершілік жүктейді.
– Біріншіден, Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыруға бағытталған. Екіншіден, Қазақстанның үшінші жаңғыруы мемлекет­тің, қоғамның, Қазақстан халқының жаһан­дық тарихи ауқымда экономикалық және саяси дамуын реттейді. Үшіншіден, бұл Жол­дау – қазақстандық бірегейлік пен бір­ліктің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың экономикалық, әлеуметтік нығаюы мен дамуы­ның тиімді жолы, – деді Мәжіліс депу­таты Сәкен Өтебаев.
Жиынға қатысушылар Елбасы Үндеуіне қатысты да өз пікірлерін білдірді. Олар Мем­лекет басшысының өкілеттігін билік тармақтары арасында үйлестіру мәселесін қолдау керек деген бір пікірге саяды.
«Нұр Отан» партиясының облыстық фил­иалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Президент белгілеген мақ­сат-міндеттердің жүзеге асуы партия өкіл­де­рі­нің назарында болатынын айрықша атап өтті.
– Президент Жолдауында елімізді ең да­мы­ған 30 мемлекеттер қатарына енуге мүм­кін­дік беретін нақты қадамдар бағдар­ла­ма­сын ұсынды. Уақыт бір орында тұрмайды. Қазақ­станымыз да алға жылжуын тоқтатпауы тиіс. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру арқылы алдағы экономикалық өсімнің негізін қалаймыз, – деп атады
И.Теренченко.
Айта кетерлігі, аймағымызға келген депутаттар бүгінгі күнге дейін екі мыңға жуық тұрғынмен кездесіп, Жолдау бағыт­та­рын насихаттады. Халық қалаулы­лары облыс әкімі Болат Бақауовтың балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру туралы бастама­сына қолдау танытты.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
Павлодар облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*