Біздің хоккейшілер ерледі

1030
0
Бөлісу:

Шайбалы хоккейден Чехия – Қазақстан командаларының кездесуі – ел спортшыларының сұрапыл жеңісімен аяқталды.

Біздің хоккейшілер Чехия өкілдеріне жауапсыз 8 шайба салды. Ойында Константин Савенков, Артем Бурделев, Дмитрий Гренц, Никита Михайлис, Антон Петров пен Кирилл Савицкий сияқты спортшылар көзге түсті.

Осыған дейін Қазақстан қытайлықтарды 22:0, ал, Швеция құрамасын 5:0 есебімен жеңген болатын. Ал Чехиялық команда Қазақстандық ойыншылардың шеберлігін жасыра алмады.

Осылайша, Қазақстан А тобында жеңіске жетіп, енді Универсиада медальдары үшін бақ сынайтын болады. Баспасөз мәслихатында баяндалғандай, алдағы уақытта Швеция құрмасымен қайта кездеседі. Бұл туралы ойын кестесі жарияланарда, толығырақ хабарланатын болады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*