Сенатор елшілермен кездесті

1687
0
Бөлісу:

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бірқатар мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесті. Атап айтқанда, комитет басшысы Жапония, Италия және Германияның елшілерімен жүздесті.

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесуде сенатор Мемлекет басшысының өткен жылғы қарашадағы Жапо­нияға ресми сапарының нәтижелі әрі мазмұнды болғанын атап өтті. И.Кавабата Қазақстан мен Жапо­ния арасындағы дипломатия­лық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады және екіжақты қатынастарды дамы­туда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті.
Елші екі елдің заң шығару ор­ган­дары арасындағы ынты­мақ­тастықты үдету мақсатында алдағы уақытта жапон парла­мент­ш­ілерінің сапары туралы хабардар етті. Тарап­тар екіжақты байланыстардың экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерін де талқылады.
Кездесу соңында Жапония елшісі қазақстандықтарды Ал­маты­дағы Дүниежүзілік қыс­қы Универ­сиаданың ашылуымен құттықтады.
Италия елшісі Стефано Ра­ваньян Дариға Назарбаевамен кездесуінде екіжақты ынты­мақтас­тық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың бірқатар мәсе­лелері туралы сөз қозғады. Сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, кезде­суге қатысу­шылар инвести­цияға өзара қолдау білдіру және бизнесті қорғаудың заңнамалық мәсе­лелерін қарастырды. Дариға Назарбаеваның пікірінше, Қазақ­стан Италия бизнесінің көрші мемлекеттер нарығына шығу үшін тамаша тұғыр бола алады. С. Раваньян Италияның «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қаты­суы туралы әңгі­меледі. Италия­ның бірқатар аймақтарын белсенді түрде тарту, сондай-ақ опера өнерінің жұлдыздары қаты­сатын ауқымды мәдени бағдар­ламалар көзделіп отыр.
Д.Назарбаева екі ел арасын­да сенімді қатынастар орнатуда пар­ламентаралық диалогтың ма­ңызды рөлін атап өтті. Осыған байланысты парламенттік делегациялардың сапарлары екіжақты ынтымақтас­тыққа жаңа қарқын беретіні ай­тылды.
Сондай-ақ Сенатқа Германия елшісі Рольф Мафаэль де келді. Д.Назарбаева дипломатты Қазақ­стандағы миссиясының басталуы­мен құттықтады және екі ел арасындағы өзара тиімді ынты­мақ­тас­тықты одан әрі ны­ғайтудағы жұмысының табысты болуына тілектестігін білдірді.
Д. Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ре­тіндегі Қазақстанның басым­дық­тары туралы хабардар етіп, халық­аралық және аймақтық қауіпсіздік, терроризмге қарсы өзара тығыз іс-қимылдың маңыз­дылығын атап өтті. Германия елшісі Сирия дағда­рысын реттеу жөніндегі Астанада өткен келіс­сөздерге жоғары баға берді. Сондай-ақ екіжақты эко­номика­лық және гуманитарлық байланыстар, инвестицияларды қолдау мәселелері де қозғалды.
Сенатор неміс дипломатын Қазақстан Парламентінің қыз­метімен таныстырып, конститу­циялық реформалар мен Мемлекет басшысының «Қазақ­станның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыруға заң шығарушылардың қатысуы туралы айтып берді.

А.ІЗГІЛІК

Бөлісу:

Пікір жазу


*