ПРЕЗИДЕНТ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

1935
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Рес­публикалық бюджеттің орында­луын бақылау жөніндегі есеп коми­тетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады.
Мемлекет басшысына Қ.Жаңбыр­шин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәти­же­лері, сондай-ақ алдағы кезең­ге ар­налған міндеттері туралы баяндады.
Бұдан бөлек, Есеп комитет төр­ағасы Қазақстан Президентін «Мем­лекеттік аудит және қаржы­лық бақылау туралы» заңның іске асы­рылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.
Сонымен бірге, Қ.Жаңбыршин Есеп комитетіндегі және мемле­кеттік аудит нысандарындағы сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді.
Соңында Есеп комитетінің төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу со­ңын­да бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*