Ынтымақтастықтың келешегі зор

1736
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің бас директоры Марк Узанмен кездесті.

Әңгіме барысында жаңа эконо­микалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелер талқыланды. Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі болып саналады.
Естеріңізге сала кетсек, Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы қазіргі бас директор Марк Узанның бастамасымен Нью-Йорк қаласында құрылған. Бреттон-Вудс конференция­сының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізі қаланған коммерциялық емес ұйым. Комитет қызметі жаңа эконо­микалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат етеді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.

Бөлісу:

Пікір жазу


*