Қытайда 2016 жылы 17,6 миллион бала дүниеге келген…

1654
0
Бөлісу:
Қытай демографиясы

Қытайда кейінгі жылдары дүниеге келген балалардың саны артты. Оған 2015 жылы демографияға байланысты өзгеріс енгізген ереже септігін тигізіп отыр.
Бұрын «Бір отбасында – бір бала» ережесі қатаң түрде жүзеге асып келсе, 2016 жылдан бері бұл қағида өзгерді. Былтырдан бастап, елде демографиялық тасқын байқалды. Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, 2016 – жылы 17,6 миллион бала дүниеге келген. Ал 2015 – жылы бұл көрсеткіш 1,4 миллион баладай ғана аз болған.
Дәл қазір Қытай халқының саны 1,37 миллиард шамасында болып отыр. Мамандардың есептеуіне қарағанда, 2020 жылдары елдегі халықтың саны 1,42 миллиард щамасында болуы мүмкін.
Салыстырмалы түрде қарасақ, Қытайда Қазақстанның бүкіл халқы бір жылда-ақ дүниеге келеді екен.

 

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*