Дайындық барысы талқыланды

1273
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде кеңес өтті.

Жиында ел спортшылары алғаш рет Универсиада бағдарла­ма­сына енген спорттың барлық түрі бойынша сайысқа түсетіні белгілі болды. Қазіргі таңда 250 спортшының тізімі жинақталып, келісілген. Олардың барлығы жинақталып, сайысқа сақадай сай тұр.
– Біз XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселені, оның ішінде студенттік командалардың оқу-жаттығу жиынын өткізу қоры­тындысын, FISU конферен­циясын ұйымдастыру және ұлт­тық құрама команданы парад­тық спорт киімдерімен қамта­масыз ету мәселелерін қарастырамыз, – деді Иманғали Тасмағамбетов.
Осыған дейін Универсиадаға даярлық аясында 12 қысқы спорт түрінен 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды және өткізілді. Оның ішінде кёрлинг, шайбалы хоккей, коньки тебу спорты, мә­нер­леп сырғанау, шорт-трек, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл (акро­батика), сноуборд және шаңғы қос сайысы бар. Оған 32 жоғары оқу орны мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты.
Сондай-ақ 2-5 ақпан күндері «Университеттік спорт: қоғамның денсаулығы мен болашағы» тақы­рыбында Универсиада бағдар­ламасының ресми бөлігі саналатын FISU қысқы кон­фе­рен­циясы өтеді. Шараға әлемнің 30 елінен ұлттық сту­денттік федерациялардың пре­зиденттері, ЖОО-ның ректор­лары, әлемдік қауымдастықтағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:

Пікір жазу


*