Әлемдегі ең танымал пароль – «123456»

1687
0
Бөлісу:

Біз әдетте, алдымызда жұмыс істеп отырған компъютерді басқалар пайдаланбас үшін, кейбір құжаттарға қол салмас үшін құпия сөз қоямыз.
Негізі біреу өзінің аты-жөнін қояды. Ал екіншілері туған жылын, тіпті бала, немересінің есімін қоятындар да бар. Қандай пароль, яғни құпия сөзді қоюды әркім өзі шешеді.
Ал әлемдегі ең танымал пароль қандай сөзден немесе қандай құпия саннан құралады? Ол туралы Сіз не білесіз?
Осыған байланысты жақында Keeper Security компаниясы жаңа деректерді жария етті. Компания сарапшыларының зерттеуіне қарағанда, әлемде құпия сөз ретінде ең жиі пайдаланылатын «123456» саны көрінеді. Көптеген азаматтар өздерінің компъютеріне немесе құлтталатын шамадандарына осы цифрді көбірек қоятын көрінеді.
Ал танымалдығы жөнінен екінші орында «123456789» саны тұр.
Бірақ ескерте кететін бір нәрсе, рейтингі жағынан танымал болып тұрған осы екі парольды пайдаланған азаматтар қауіп-қатерге жиі ұшырайды екен. Аталған деректі сандарды пароль етіп қойған 10 мың пайдаланушы осының салдарынан зардап шеккен.
Сондай-ақ, рейтингі жоғары құпия сөздердің қатарында «qwerty», «1234567», «111111», «password» және «123123» сөздері мен деректі сандары тұр.
Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ», құпия сөздерді жиі ауыстырып отырғаныңыз абзал. .
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*