Жер мәселесіне жете мән бермеген әкімдер жазаланды

1249
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырысын өткізіп, онда бес мәселенің мән-жайын тарқатып, 11 тәртіптік істі қарады. Бұл жолы қаралған істердің барлығы жер қатынастарына қатысты.
Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша осы аудандағы Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі М. Султанияровқа, Шелек ауылдық округінің әкімі Е. Есенхановқа қатысты тәртіптік істермен егжей-тегжелі танысқан Әдеп кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 3) тармақшасын бұзғаны үшін Шелек ауылдық округінің әкіміне «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Ал оның әріптесі Ташкенсаз ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңес ережесінің 27 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды.
Панфилов ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа, Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі А. Саурықовқа, Жаскент ауылдық округінің әкімі С. Бакетовқа, Жаскент ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы М. Тохтаровқа, «Панфилов ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің жетекші маманы К. Садыроваға қатысты тәртіптік істер қаралды. Нәтижесінде олардың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын (шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету) бұзғаны анықталып, бесеуіне де «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.
Көксу ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі Б. Әбілқасымовқа қатысты тәртіптік істі қарау барысында округ әкімінің   Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын бұзғаны анықталды және оған да «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылатын болды.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы тарапынан жүргізілген ның ішінара тексерудің қорытындысына сәйкес, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары К. Есболатовқа, Ескелді ауданы әкімі аппаратының басшысы Ш. Немеребаевқа қатысты тәртіптік істер қаралыпғ аудандық деңгейдегі лауазыды тұлғаларға «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарың бұзғандарына байланысты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.
Болат Абаған, Алматы облысы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*