18 мың тұрғын жұмыспен қамтылды

1286
0
Бөлісу:

2016 жылы Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 22 223 адам жүгініп, олардың ішінен 18 168 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Яғни, жұмыспен қамту орталығына келген адамдардың 81,8% пайызы кәсіптің құлағын ұстады. Бұл туралы Қарағанды қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы хабарлады.

«Жұмыспен қамту жол кар­та­сы – 2020» бағдарламасының екінші ба­ғыты кәсіпкерлік бастаманы ын­таландыру арқылы жұмыспен қамтуға бағытталған. Осы бағыт бойынша бағ­дарламаның 10 қатысушысына жал­пы сомасы 29 млн теңгені құраған шағын несие берілді.
Бағдарлама аясында 2016 жылы кә­сіби оқытуға 599 адам жіберілді.
Қаладағы 88 ұйым мен кәсіпорын­мен жасалған шарттарға сәйкес, ал­­масу­шылықты ескере отырып, «Жас­тар тәжірибесіне» 395 жас маман жұ­­­мысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 424 адам жолдама алып, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Қа­ладағы 30 ұйым мен кәсіпорынға бе­кітілген тізімге сәйкес жұмыссыз аза­маттардың қатарынан 449 адам қо­ғамдық жұмысқа жіберілді.
Қарағанды қаласында жұмыс­сыз­дық деңгейін төмендету үшін, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілер мен жұ­мыссыз азаматтардың арасында ті­келей байланыс орнату мақсатында, 2016 жылдың басынан бастап 4 рет бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәр­меңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге қа­­ла­дағы 195 кәсіпорын және 2498-ден астам адам қатысты, оның ішінде 736 адам жұмысқа орналастырылды.
2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұ­мыспен қамту және жаппай кәсіп­кер­­лікті дамыту» атты жаңа бағдар­ла­ма­ның жүзеге асырылатынын айта кету ке­рек. Жаңа бағдарламада қажет­ті ма­ман­дықтар бойынша оқыту, ауыл­дағы және қаладағы шағын не­сие­леуді өріс­тету және жұмысқа ор­на­ласу­ды көз­дейтін үш бағыт нақты­лан­ған. Аталған бағ­дарлама аясында 200-ден астам адам­ды еңбек нарығына қа­жетті ма­ман­дықтарға оқыту жос­пар­ланып отыр. Сонымен бірге, 768 адамды әлеу­меттік жұмыс орындары­на, жас­тар тәжірибесіне және қоғам­дық жұ­мыстарға жіберу жоспарланған.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*