«Қыз Жібек» операсы жаңарады

1446
0
Бөлісу:

10-11 ақпанда «Астана Опера» театрында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклі қайта жаңартылып сахналанады. Опера жанрында алғаш рет симфониялық оркестрмен бірге қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады.

Қоюшы режиссер – Беларусь Үл­кен театры мен Самаралық опе­ра­­лық театрдың бас режиссері Ми­­хаил Панджавидзе, жаңа му­зы­калық ре­дакцияның авторы, қою­шы дири­жер – Қазақстанның ең­бек сіңірген қай­раткері Абзал Мұ­хитдинов. Кос­тюм және сце­ног­рафия суретшілері – Софья Тас­мағамбетова және Павел Дра­гу­нов. Режиссердің ассистенті – Ерен Тойкенов, кеңесші – PҺD док­­торы, Қазақстанның еңбек сіңір­­ген қайраткері Асқат Майе­ме­ров.
Қазақтың тұңғыш операсы
Е.Бру­­силовскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жы­лы қойылған. Либреттосын аса көр­некті халық жазушысы
Ғ.Мү­сі­ре­пов халықтың аттас лиро-эпостық поэ­масын негізге ала оты­рып жазды.
Айта кетерлігі, бастапқыда спек­­такль қазақтың белгілі күй­ле­рі мен әндерінің музыкалық ци­та­тасымен қатар, опера әншілері дра­малық жанр іспетті сахнада тұ­рып әңгіме тү­рінде жүргізетін диалогтардан құ­ралды. Сол себеп­ті, аталған шығарма опе­раға емес, кө­біне музыкалық-дра­малық жанр­ға келетін. Жаңа му­­­зыкалық ре­дакцияда маэстро Аб­зал Мұхит­динов әңгіме түріндегі диа­логты музыкалық речитативпен ауыс­тырып, Е.Брусиловский сияқты қа­­зақтың белгілі әндері мен күй­ле­­рі­нің музыкасын пайдалана оты­рып, тағы бірнеше эпизод қосты.
– Е.Брусиловскийдің музыка­сы при­нциптік тұрғыда өзгерген жоқ. Мұнымен қатар, біз спек­такль­­дің бұған дейінгі белгілі қойы­лымдарда қол­данылмаған бір­неше музыкалық нөмірін қайта қос­тық. Жаңа редак­ция­дағы опера фор­масы жағынан да, ма­ғ­ынасы жағынан да өте серпінді. Ен­ді музыкалық речитатив пайда бол­ған­нан кейін, солистер, сәйк­е­сін­ше, өздерін жайлы сезінеді. Неге де­­сеңіз, әншілерге өзін-өзі көр­сету­­дің мүлдем басқа әдіс-тәсіл­де­рін қол­данатын драмалық актердің кей­пін киюдің қажеттілігі жоқ. Қазақ­тың сөз орамының ырғағы мен ек­піні операда нотамен бел­гілен­ді, сон­дықтан оны кез келген кәсіби во­калшы, тіл білмейтін адам да орын­­дай алады. Операның пар­ти­тура­сы да айтарлықтай өзгеріске ұшы­рады. Қолжазба кезіндегі қа­те­лер сөзсіз түзетілді, оркестрге ана­­ғұр­лым ыңғайластырылды. Клавирі мен партитурасы толық сәй­кес­тен­ді­рілді, енді опера опе­ралық жанр­дың барлық талабына сай келеді, – дейді қоюшы дири­жер, Қа­­зақ­станның ең­бек сіңірген қайраткері Абзал Мұ­хит­динов.
Маэстро бұрын-соңды болма­ған ба­ла­лар хорын да қосып отыр. Со­ны­мен қатар ұлттық аспаптарды же­ке һәм «Астана Опера» симфо­ния­лық оркестрімен бірге ойнай­тын­­дай етіп пайдаланды. Осы­лай­ша, клас­сикалық аспаппен қатар, тың­дар­ман халық аспаптары – дом­бы­ра­ны, қылқобызды, шаң­қо­быз­ды, же­тіген мен кернейді та­ма­шалайды.
Өзінің бірегей стилистика­сы­мен жә­не опералық материалмен өзгеше жұ­мыс жасайтындығымен ерекше­ле­нетін қоюшы режиссер Михаил Пан­джавидзе көрерменді бұл жолы да таңғалдырмақ ниетте.
– Туындының түпнұсқадан айыр­­машылығы бар, ол жаңаша қойы­ла­ды. Өзгеріс музыкалық фор­масына, кейіп­керлерді сомдау­ға енгізілді, енді олар психологизм тұрғысынан ал­ған­да бұрынғыдан да қаныға түседі. Ай­талық, бас кейіп­кердің бейнесі мис­тикалық күйге енеді, енді ол жыл мез­гілінің ауы­суы­на үстемдік етеді. Тіп­ті Жі­бек­тің өлімі физикалық тұр­ғы­дағы өлім ретінде емес, жыл мез­гілі­нің ауысуы – қыс түсіп, одан кейін жаңа жылдың басталуы – мәң­гі­лік жаңару түрінде қарас­тыры­ла­ды. Махаббаттың күші жайлы баян­дай­тын шығарма, өте терең. Бұл өте ке­ре­мет әрі тым қатігез се­зім, адам тағ­дырын жайнатып та тас-талқан етуге қауқарлы. Біз кө­рерменнің спек­такльді тамашала­ған соң, қазақ хал­қында осындай ұлы шығарма ба­рын мақтан тұт­қа­нын қалар едік, – деп атап өтті қою­шы режиссер Ми­хаил Панд­жавид­зе.
Қазақ халқының дәстүрімен, мә­­дениетімен һәм тұрмысымен жі­ті танысқан Беларусь елінде жұ­мыс жасайтын ресейлік режиссер, «Қыз Жібек» операсына қызыға кі­рісіп, дайындау үстінде. Бұл оның Қазақстанда ұлттық опера қою­дағы алғашқы жұмысы бол­ған­мен, Панджавидзе елордалық кө­рерменмен және қазақстандық опера әншілерімен әлдеқашан та­ныс. Ол 2010 жылы К. Байсейітова атындағы театрда Ж. Оффен­бах­тың «Гофман ертегілері» операсын қой­ған.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*