Уақытша тіркеу қажет емес

3005
0
Бөлісу:

Балалар туған кезден бастап мекен­жайы бойынша тіркеуге алынуы тиіс. ҚР ІІМ Көші-қон департаментінің басшысы Серік Сайыновтың айтуынша, балаларды мекенжайы бойынша тіркеу жәрдемақы алу кезінде немесе балабақшаға кезекке тұру үшін қажет.
– Балаларды мекенжайы бойынша тіркеу ересектерді тіркеу тәртібімен жүзеге асады. Тек балалардың құжаты ретінде олардың куәлігі қабылданады. Тіркелетін адам ХҚКО-ға баруға міндетті емес. Тұрғын үй иесі тіркелетін адамға сенімхат бере алады. Осылайша, құ­жаттардың түпнұсқасы болған жағдайда, тұрғын үйдің иесінсіз тіркеуге тұра алады. Бірақ құжаттардың көшірмесі қабыл­данбайды. Бұдан бөлек, 16 жастан асқан балаларды уақытша тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мысалы, бала жазғы уақытта әжесіне қонаққа баруы мүмкін. Бұл жағдайда 16 жасқа дейінгі балаларды уақытша тіркеудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта мем­ле­кеттік органдар Үкімет қаулысына ен­гі­зілген өз­герістерді қарастырып жатыр.
Шетелге бірнеше айға оқуға кеткен студенттерді де уақытша өзге елде болуына байланысты тіркеуден шы­ғарудың қажеттілігі жоқ. Себебі, ол тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеліп қойған, – деп түсіндірді ІІМ Көші-қон департаменті басшысы Серік Сайынов.

Бөлісу:

Пікір жазу


*