Ердоған Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

1042
3
Бөлісу:

Түркия президенті Реджеп Ердоған Ыстамбұлдағы лаңкестік салдарынан Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы «Анадолу агенттігі» хабарлады.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, Түркия президенті 11-12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға келмекші болған. Еске салсақ, Ыстамбұлда «Бешикташ» – «Бурсаспор» ойынынан кейін екі жарылыс орын алды. Билік деректеріне сүйенсек, алдымен «Водафон-арена» стадионы маңында жарылғыш зат қойылған көлік жарылды, 45 секундтан кейін саябақта лаңкес жанкешті өзін жарып жіберді. Соңғы деректерге сәйкес шабуыл салдарынан 29 адам – 27 полицей, екі қарапайым адам қайтыс болды.  166 адам жарақат алды. Лаңкестікке байланысты тоғыз адам ұсталды. 11 желтоқсанда Түркияда аза тұту күні жарияланды. Лаңкестік  жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ТР Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

inform.kz 

Бөлісу:

3 пікір жазылған

  1. Maggie 26 Ақпан, 2017 at 08:39 Жауап

    Chances are, Tony will have to form a minority government. The real q is whether or not Mr T can come up w a bribe suefciifntly large to convince the three former Nationals to join him in so doing.

Пікір жазу


*